Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдығына орай өткізілген «Ұлы дала тілі – мәңгілік ел тұғыры» атты республикалық зияткерлік-танымдық олимпиада

      2024 жылдың cәуір айының 26-сы күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Жоғары оқу орындарының  арасында  қазақ тілі пәні бойынша өзге ұлт өкілдері студенттерінің қатысуымен «Ұлы дала тілі – мәңгілік ел тұғыры» атты республикалық зияткерлік-танымдық олимпиада өтті. Азаматтық Авиация Академиясынан «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к., Г. Тулекованың жетекшілігімен ЛЭ-23-4 орыс тобының 1курс студенті Яновская Анастасия қатысты. Олимпиада барысында студенттер 3 кезеңнен тұратын тапсырмаларға жауап берді. Іс-шара соңында олимпиадада белсенділік танытқаны үшін А. Яновская сертификатпен, ААА профессоры, ф.ғ.к. Г. Тулекова Алғыс хатпен марапатталды. «Ұлы дала тілі – мәңгілік ел тұғыры» атты республикалық зияткерлік-танымдық олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы