Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы С.Томпиева бастаған қазақстандық делегация Еуропа және ICAO Солтүстік Атлантика (EURNAT-DGCA) азаматтық авиациясы бас директорларының кеңесіне қатысуда.

Елімізге аса маңызды мәжіліске ҚР Авиация әкімшілігінің бас директоры К.Раду мен Азаматтық авиация академиясының ректоры Б.Сейдахметов қатысуда.

Академия үшін отырыстың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі - ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының аймақтық директоры Н.Ралло мырза көтерген NGAP бағдарламасы аясындағы авиациялық оқыту тақырыбы болып табылады.

NGAP (Next Generation Aviation Personel) миссиясы - авиация мамандарының келесі буынын авиация қауымдастығына тарту мен сақтау мақсатымен жаһанды стратегиялар мен нұсқауларды әзірлеу.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы