2024 жылдың 23 сәуірінде ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық Азаматтық авиацияның бас директорларының (EURNAT-DGCA) кеңесі жұмысы Франция Республикасы мен Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындарының қолдауымен Еуропадағы № 1 авиациялық жоғары оқу орны - ENAC пен Азаматтық авиация академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар мәжілісте NGAP бағдарламасы аясындағы авиациялық кадраларды даярлау мәселесі көтерілген болатын.

Қол қою рәсіміне Францияның Азаматтық авиация бас дирекциясының басшысы Дамьен Казе мен ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева қатысты.

ENAC Ұлттық азаматтық авиация мектебі (фр. École nationale de l'aviation civile) - авиация мамандарын даярлайтын француз жоғары мектебі болып табылады. ENAC бүгінде Еуропа мен бүкіл әлемдегі аэронавтика саласындағы негізгі оқу орны болып табылады және бірін-бірі толықтыратын үш сала: инженерия, ұшуды басқару, аэронавигация салалары үшін мамандарды даярлау бойынша сарапшы ретінде мойындалған оқу орны. Бұл ICAO, IATA, EASA, ACI, FABEC халықаралық бағдарламаларымен мойындалған әлемдегі жалғыз университет. Жоғары оқу орны 31 бакалавриат, магистратура және PhD білім беру бағдарламасы бойынша оқытады. Сонымен қатар, ENAC-тың - ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласында жаһандық орны бар.

Жалпы, ENAC-пен ынтымақтастық Азаматтық авиация академиясына білім беру ортасында оқыту деңгейін арттыруға, оқу саласындағы әдістерді жетілдіруге және заманауи тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік береді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы