Әбілхан Қастеев мұражайына сапар

3.04.2022 жылы «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының аға оқытушысы Рябченко И.Н. студенттердің мәдени және әсемдік сезімдерін дамыту мақсатында  «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының 3 курс студенттерімен бірге, Әбілхан Қастеев мұражайына сапар ұйымдастырды. Алған әсерлеріне сүйене отырып, студенттер эсседе (еркін нысанда) ағылшын тілінде өз сезімдерін сипаттауы керек. Сонымен қатар, кейбір студенттердің өтініші бойынша басқа қала студенттері үшін Алматы қаласының көрікті жерлеріне қысқаша экскурсия ұйымдастырылды (28 батыр Панфиловшылар саябағы).

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы