ПИЛОТСЫЗ ҰШУ АППАРАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Азаматтық авиация академиясында практикалық конференция өтеді

«Пилотсыз авиация персоналын оқыту және жетілдіру стратегиясы мәселелері»

Негізгі тақырып ретінде пилотсыз авиациялық жүйелерді өндіру мен пайдалануға қатысатын мамандарды даярлаудың қағидалары, практикасы мен перспективалық бағыттары туралы өзекті ақпарат ұсынылатын болады. Конференцияға қатысушыларда ұйымдардың ресми өкілдерімен өздерін қызықтыратын барлық мәселелерді талқылауға және өздерінің презентациялық материалдарымен сөз сөйлеуге мүмкіндік беріледі .

Қатысушылар: «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, Қорғаныс министрлігі, Қазақстандағы пилотсыз авиациялық жүйелердің операторларын оқытуды жүзеге асыратын оқу ұйымдары және пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану процестеріне қатысты басқа да ұйымдардың өкілдері

🗓️ 29 сәуір 2024 ж.

📍Алматы қ., «Азаматтық авиация академиясы» АҚ, акт залы

⏰ 09.00 - 15.00

Аталған іс-шараға қонақ немесе баяндамашы ретінде келгісі келетіндердің барлығынан 2024 ж 26 сәуір сағат 15.00-ге дейін мына электрондық почтаға өз хаттарыңызды жіберулеріңізді сұраймыз:

📧o.irina@agakaz.kz

Егер презентация қорғайтын болсаңыз, бұл туралы хатта жазуыңызды өтінеміз.

Қатысу тегін.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы