2024 жылдың сәуір айының 30-ы күні Абайдың «Толық адам» концептісінің тобы («Нұрлы ақыл» тобы – Г. Тулекова, А. Елубай, Н. Суранчиева, Ж. Ахметова, А. Байтыбаева, Ж. Оразаева т.б) қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концептісін насихаттау мақсатында студенттермен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрына барып, тәрбиелік мәні бар театр қойылымын тамашалады. Қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптейтін спектакль көрерменнің көңілінен шықты. Театр кеші көңілді өтті.