2024 жылдың 24 сәуірінде «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының профессоры Д.С.Ерғалиев пен «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының аға оқытушысы Рябченко И.Н. виртуалды шындық элементтерімен интегративті интерактивті сабақ өткізді.
Шеберлік сабағы 3 тілде (ағылшын, қазақ, орыс) жүргізілді. Оның мақсаты Академияның профессорлық-оқытушылық құрамымен ұшақтың газ турбиналық қозғалтқышын құрастыру бойынша интерактивті сабақ өткізу, тәжірибелік сабақтарды өткізуде әріптестермен тәжірибе алмасу болды. Іс-шараның соңында ұшақ қозғалтқышын құрастыру және бөлшектеуге арналған жабдықпен виртуалды бағдарлама ұсынылды, онда сабақта алған білімдерін көрнекі түрде қолдануға және оны заманауи виртуалды технологиялардың көмегімен бекітуге мүмкіндік берді. Бұл біріктірілген әдіс әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, көптеген оң пікірлерге ие болды.