«Язык есть исповедь народа» атты республикалық орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің байқауы

    2024 жылдың 30 сәуірінде Азаматтық авиация академиясының 1 курс студенттері Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің 80 жылдығына арналған «Язык есть исповедь народа» атты республикалық орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің байқауына қатысты.
    Байқау бес кезеңнен тұрды: «Команданы таныстыру», «Ораторлар сайысы», «Көркем сөз оқу сайысы», «Линвистикалық тапсырмалар», «Викторина».
Команда мүшелері:
1.    Сабиров Атабек – 1 курс, ЛЭС-23-1 анг.
2.    Белгожин Аслан – 1 курс, ЛЭС-23-3
3.    Калмаков Алишер – 1 курс, ЛЭС-23-5
4.    Мағзұм Асан – 1 курс, ОВД-23-1
5.    Ғабит Жангуль – 1 курс, МХ-23-5

    ААА студенттері барлық турда жоғары нәтиже көрсетіп, қазылар алқасы команданың эрудициясын, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін атап өтті. Студенттер мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Топ жетекшілері – аға  оқытушы Ахметова Ж.Б. және қауымд.профессор Санникова С.И. да мадақтамалармен марапатталды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы