АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ АТЫРАУҒА 2 ТОННА ГУМКӨМЕК ЖЕТКІЗДІ

Алматы Азаматтық авиация академиясының волонтерлері су тасқынынан зардап шеккендерге 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізді.

Сәуірдің 15-і мен 19-ы аралығында академияда гуманитарлық көмек қабылдау пункті құрылды. Еріктілер дәрі-дәрмек, көрпе, төсек-орын, балаларға арналған тауарлар, азық-түлік, гигиеналық құралдар, күрек және басқа да тұрмыстық заттарды қабылдаған болатын.

Хабарландыруға білім мекемесінің қызметкерлері мен ұстаздары, жақын маңдағы аудан тұрғындары мен Түрксіб өңіріндегі колледждер аса зор үлесін қосты.

Бес күн ішінде еріктілер 2 тонна гуманитарлық көмек жинап, бағалы жүкті тасымалдауды ұйымдастыруға кірісті. 20 сәуірде көмек Атыраудағы негізгі қабылдау пунктіне жеткізіліп, жергілікті еріктілер оны зардап шеккендерге тапсыра бастады.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы