Дөңгелек үстел аясында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша мамандарды даярлауды нормативтік реттеудің өзекті мәселелері, ҰАҚ операторларын даярлаумен айналысатын ұйымдардың мүмкіндіктері және ұшқышсыз жүйелер саласында персоналды даярлауды талап ететін технологиялық дамудың перспективалық бағыттары талқыланды.
Конференция барысында қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, одан әрі ынтымақтастық үшін байланыс орната алды. Сонымен қатар, олар іс-шараның уақытылы және өзекті екендігіне тоқталып, академияда кемінде 3-4 айда бір рет осындай іс-шаралар өткізілсе деген тілектерін білдірді.
* Докладтардың тақырыптары:
«ҰАС жұмысына қатысатын персоналды оқытудың нормативтік талаптары мен ережелері»
«Азаматтық авиация қауымдастығында ҰАС операторларын оқыту тәжірибесі»
«Ауыл шаруашылығындағы дрондар»
«Азаматтық авиация академиясының ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы ғылыми әзірлемелер»
«Қашықтан басқарылатын ұшақ жүйелері ұшқыштарын оқыту»