Қазақстанның еңбек сіңірген авиаторы, Халықаралық көлік академиясының академигі, 1 класс ұшқышы, Бугуруслан азаматтық авиация ұшу мектебінің түлегі. 1970 жылы Ленинград жоғары авиациялық училищесін бітіріп, еңбек жолын Целиноград 239-шы ұшқыштар жасағының Ан-2 ұшқышымен бастады.
1974-1984 жж. - ұшқыш, содан кейін Ил-62 командирі, 1985-1992 жж. - Ил-86 экипаж командирі, 1993 - Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары, 1994 - 2000 жж. - Азаматтық авиация академиясының ұшу-тренажер орталығының басшысы, 2000-2006 жж. - Азаматтық авиация академиясының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры болған.
Академия ұжымы туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл білдіруде. Беделді тұлғаның есімі студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің жүректерінде мәңгі сақталады.