2024 жылдың мамыр айының 14-і күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясын насихаттау мақсатында «Нұрлы ақыл» тобының ұйымдастыруымен («Нұрлы ақыл» тобы – Г. Тулекова, А. Елубай, Н. Суранчиева, Ж. Ахметова, А. Байтыбаева, т.б.) «Абайдың қарасөздері – ғасыр шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ААА профессоры, ф.ғ.к. Г. Тулекова жүргізді. Аталған іс-шараға «Толық адам» концептісін насихаттау тобының мүшелері, Академияның оқытушылары, кітапхана бөлімінің мамандары (Мамбеталин Д, Жүніс М, Көшербаева Э, Абибекова Л, Сабыр А, Тулеушова Р, Абылкасымова Б, Медетбеков Б, Ахметкалиева А, Амангелдиев С, Акбаева А, Бакиров М, Алминова Д, Жусипбекова С ) қатысып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында Абайдың қарасөздері қызу талданып, бүгінгі қоғаммен байланысы айтылды. Іс-шара соңында қатысушылар мадақтамалармен марапатталды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясын насихаттау мақсатында өткен «Абайдың қарасөздері – ғасыр шежіресі» атты дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтілді.