Мұхамеджан Тынышбаев атындағы медалімен Азаматтық авиация академиясының профессоры марапатқа ие болды

Азаматтық авиация академиясының профессоры және де оқытушысы Қазбек Алдамжаров марапатталды Мұхамеджан Тынышбаев атындағы медалімен марапатталды.

Бұл марапат профессордың жеке еңбегін ғана емес, сонымен бірге оның азаматтық авиацияны дамытудағы маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, авиация ғылымы мен білімін дамытуға қосқан зор үлесі үшін, авиация саласы үшін білікті мамандарды даярлаудағы елеулі жетістіктері үшін, сондай-ақ авиациялық қозғалыстың қауіпсіздігі мен тиімділігіне ықпал ететін практикалық іс-шараларға белсенді қатысуы үшін профессор Қазақстан Ғылым академиясы атынан марапатқа ие болған.

Салтанатты марапаттау Алматыдағы Логистика және көлік академиясында Қазақстан Республикасы көлік саласының басты қайраткері Мұхамеджан Тынышбаевтың 145 жылдығын мерекелеу аясында табыс етілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы