Азаматтық авиация академиясында «STOP-DRUGS» ақпараттық-профилактикалық кездесуі өтті
Бүгін Азаматтық авиация академиясы және авиация колледжінде Алматы қаласындағы құқық қорғау органдарының өкілдерімен 1, 2, 3 курс студенттеріне арналған «STOP-DRUGS» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Қонақтарымыз - Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы қаласы шекаралық бақылау департаментінің және Алматы қаласы Көліктегі полиция басқармасының Алматы әуежайының ҚР ІІМ полиция бөлімінің өкілдері.
Олар студенттерге шылым шегудің, есірткі және психотроптық заттардың зияны туралы, сондай-ақ оларды пайдалану мен таратудағы үлкен жауапкершілік туралы айтты.
Сондай-ақ, студенттерге есірткі таратумен байланысты жеңіл жолмен ақша табудың сақтандырылып, осы әрекеттердің құқықтық салдары ауыр екені баса айтылды.
Студенттерді әсіресе кинологтардың қызметтік иттермен демонстрациялық қойылымдары қызықтырды. Студенттер иттердің жолаушылардың жүктеріндегі заңсыз заттарды қаншалықты оңай анықтайтынын көре алды.
Осындай іс-шаралар жастардың өз денсаулығына саналы көзқарасын, әлеуметтік жауапкершілігін және тұрақты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға көмектеседі.
Шараны Академияның жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығы ұйымдастырды