Мәнерлеп оқу сайысы

«Туған жер -тұғырың» атты мәнерлеп оқу сайысы

2022 жылдың ақпан айының 4-і  күні сағат 15.00-де «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Туған жер -тұғырың» атты онлайн форматта мәнерлеп оқу сайысы өтті. Аталған мәнерлеп оқу сайысына Академияның 1 курс студенттері қатысты. Олар ақын Фариза Оңғарсынованың, Қасым Аманжоловтың, Мағжан Жұмабаевтың туған жер туралы өлеңдерін жатқа оқып, шағын видеоларын көрсетті. Мәнерлеп оқу сайысы соңында студенттер жүлделі  орындарды иеленіп, мадақтамалармен марапатталды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы