Азаматтық авиация академиясы TIACA халықаралық форумына қатысуда

Азаматтық авиация академиясы бүгін Астанада басталған Орталық Азиядағы алғашқы TIACA іс-шарасына қатысуда!

🌍 Жүк тасымалы және логистика жөніндегі өңірлік форумды ҚР Көлік министрлігі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қолдауымен Халықаралық жүк авиатасымалдары қауымдастығы (TIACA) ұйымдастырды.

Форумға қатысушыларға көлік министрі Марат Қарабаев, TIACA төрағасы Стивен Полманс, TIACA бас директоры Глин Хьюз және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду құттықтау сөз сөйледі.

📈 "Silk Road in the Sky – Kazakhstan Cargo Hub" форумы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға елеулі үлес қосуға бағытталған. Форум барысында бірқатар әуежайлар мен халықаралық компаниялар арасында маңызды келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

🌟 Іс-шараға жүк жөнелтушілерді, экспедиторларды, жердегі қызмет көрсетушілерді, әуежайларды, авиакомпанияларды және өндірушілерді қоса алғанда, жүк тасымалының барлық спектрін ұсынатын 30 елден 300-ден астам қатысушы қатысуды. Сарапшылар саланың нормативтік-құқықтық базасы, мультимодальды логистика, авиациялық хабтар құру, жүк тасымалын инновациялау және цифрландыру, тұрақты даму және тұрақты авиациялық отын (SAF) сияқты маңызды тақырыптарды талқылады.

💡 Қазақстандық компаниялардың әлемдік қоғамдастықпен өзара іс-қимылы және озық технологияларды қолдану Орталық Азия елдерімен тауар айналымын 2,4 есеге арттыруға көмектеседі, бұл өңір экономикасына жақсы әсер етеді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы