Вероника Тришинаның көрмесімен танысу

«Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушылары студенттерге мәдени-эстетикалық тәрбие беруге үлкен көңіл бөледі. Осы мақсатта кафедраның аға оқытушысы Ажар Нұрақынқызы және ОПЛ 20, ОАП 21-2, ОНО 21-2 топ студенттері Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Вероника Тришинаның «Терезеден қарап, теңізді көремін» көрмесін тамашалап, мұражайдың бұрыннан сүйікті экспонаттарымен танысты. Тәрбиелек мақсатта ғана емес, сонымен қатар ағылшын тіліне бағытталған практикалық маңызы болу үшін, студенттерге мұражайға бару туралы өз ойларын презентация түрінде қорғау және алған ісерлерін талқылау тапсырмасы берілді. Жалпы, көрмені аралау қызықты әрі мазмұнды болды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы