1. «RoboTechnoGirls» жобасы аясында «Ұшқышсыз ұшу аппараттары: тарих, жіктеу және заңнама» атты интерактивті дәріс өткізді. Жобаға техникаға, атап айтқанда, ҰҰА-ға қызығушылық танытқан 3-5 сынып оқушылары қатысты. Жоба мектеп оқушыларының ғылым мен технологияларға деген қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған.
2. Drone Camp қатысушыларының алдында «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын жобалау негіздері» тақырыбымен сөз сөйледі. Drone Tech Center резиденттері – яғни, жастар дрондар туралы көбірек білуге және жобалауда өз күштерін сынауға бірегей мүмкіндік алды.
Аталған іс-шараларға қатысудың мақсаты болашақ инженерлік кадрларды қалыптастыруға және ғылым мен техниканы танымал етуге көмектесу болып табылады.