Оқу курстарын әзірлеушілер үшін ИКАО TrainingDevelopersCourse курсына шақырамыз

Академия орыс тілінде TrainingDevelopersCourse "(TDC RU) оқу курстарын әзірлеушілерге арналған ИКАО курсын жүргізеді.

Бұл курсты Халықаралық авиациялық персоналды даярлау ақпараттық-үйлестіру орталығы (GAT) әзірледі, ITP (ICAO Training Package) санатына жатады және білім беру процестерінің қазіргі заманғы стандарттар мен авиация саласының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ете алатын оқу бағдарламаларын білікті әзірлеушілерді даярлауға арналған.

Аталған курсты өткізу ИКАО TRAINAIR PLUS оқыту әдіснамасын енгізу мүмкіндіктерін іске асырудың кезекті қадамы ретінде жоспарланған.

Осы курста оқу сізге келесі мүмкіндіктерді береді:

✅ Оқу бағдарламаларын әзiрлеудiң қазiргi заманғы әдiстемелерiн игеру;

✅ Оқу процесін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын меңгеру;

✅ ИКАО сарапшыларынан құнды білім мен тәжірибе алу;

✅ Еңбек саласына бәсекеге қабiлеттiлiгіңізді арттыру.

📅 Өткізу күні: 12 - 23 тамыз 2024 ж.

🏣 Өткізу орны: Азаматтық авиация академиясы

✈️ Оқуға өтінім беру мерзімі: 2024 жылдың 19 шілдесіне дейін. Берілген өтінімдер негізінде қатысушылардың тізімі алдын ала қалыптастырылады. Тізім бөгде тыңдаушылардың қатысу мүмкіндігі ескеріле отырып, тамыз айының басында бекітіледі.

Анықтама: ITP (ICAO Training Package )/ICAO оқу-әдістемелік кешені - бұл ИКАО-ның SARPs және ИКАО нұсқаулық материалын енгізу үшін арнайы әзірлеген құзыретіне негізделген оқу курсы, ол тек TRAINAIR PLUS бағдарламасының қатысушыларына ғана өткізу үшін ұсынылады.

Қосымша ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://igat.icao.int/ated/TrainingCatalogue/Course/1034

📧 Курсқа қатысу үшін өтінішті келесі электрондық поштаға жіберуді сұраймыз o.irina@agakaz.kz

📞 +77771646665

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы