19.03.2022 онлайн форматта ЛЭ(С)-21-2 және ЛЭ(С)-21-4 топтарымен «ЖҒП» кафедрасының ф.-м.ғ.к., қаум. профессоры Сейнасинова А.А. Наурыз мерекесіне арналған математика үйірмесін өткізді. Студенттер: Асылханов Тамерлан, Дулатов Шыңғыс Л.Е(в)-21-4, Жалғасов Дидар, Мишин, Садуақас Қасымхан, Ахметбек Ағзам, Әбдірәсілов Сұлтан математиканы Наурыз мерекесімен және Азаматтық авиация академиясымен байланыстыра білді. Асылханов Тамерлан, Дулатов Шыңғыс, Жалгасов Дидар барлық оқушылар мен мұғалімдерге арналған балалар бөлмелері мүмкіндігімен киіз үйлердің орналасуын есептей алды (1-қосымшаны қараңыз). Студент Мишин Леон бауырсақ пен құрттарға мысалдар келтірді (2-қосымшаны қараңыз). Студенттер Сәдуақас Қасымхан, Ахметбек Ағзам, Әбдірәсілов Сұлтан математиканы Наурыз мейрамы Наурыз мерекесінің аяқталуының Дүниежүзілік математика күніне сәйкес келуі бірінші және ең көрінетін байланыс екенін атап өтті. Сондай-ақ, Пи-03.14 санының Дүниежүзілік күні Наурыз мейрамының басталуына тура 7 күн қалғанда болатынын, ал 7 саны қазақ арасында киелі сан екені көосетті. Келесі кезекте Наурыз мейрамы қай жылы ресми мойындалғанын анықтап, матрицаның анықтауышын табуды ұсынды. Презентация соңында ол жас жапондық жұптың мысалын келтірді - махаббат функциясы (3-қосымшаны қараңыз).