Монреаль қаласында (Канада) Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Тұрақты өкілдігі ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев, ИКАО Кеңесінің Президенті, ИКАО Бас хатшысы, сондай-ақ ИКАО-ға мүше елдердің авиациялық билік өкілдері қатысты. Қазақстан Орталық Азиядағы ИКАО Тұрақты өкілдігі бар бірінші мемлекет! ![]()
Бұл Қазақстанның авиация саласын дамытуға және оның халықаралық ықпалын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатын үлкен қадам болып табылады. ИКАО – БҰҰ-ның 193 елден тұратын ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін азаматтық авиацияның халықаралық стандарттарын бекітетін мамандандырылған мекеме.
Қазақстанның ИКАО-да өкілдігінің ашылуы ұйыммен белсенді ынтымақтастық үшін бірегей жағдайлар жасайды, бұл ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін сақтауға және пайдалану көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.