Артта емтихандар мен көбісін жалықтырған құжаттар жинау уақыты! Бірінші курс студенттері мен олардың ата - аналары үшін көптен күткен күн келді - жаңа оқу жылының басталуы. Болашақ авиаторлардың қатары 900-ден астам адамға толықты, олардың 647-сі грантқа түсті!
Салтанатты жиын Азаматтық авиация академиясы ректорының құттықтау сөздерінен басталды, ол таңдалған мамандықтың маңыздылығын атап өтті және әрбір студент өзінің арманына жету жолында алғашқы қадам жасағанын атап өтті. Ата-аналар мен оқытушылар жаңадан келген студенттерді мақтанышпен қарсы алып, олардың алдында ұшу қауіпсіздігі мен Азаматтық авиацияның дамуын қамтамасыз ететін болашақ ұшқыштар, инженерлер мен диспетчерлер тұрғанын түсінді.
Бұл күн жаңа білімге, дағдыларға және кәсіби сынақтарға толы қызықты жолдың бастауының көзі. Бұл қадам ең беделді және жауапты салалардың бірінде жоғары деңгейлі маман болуға көмектесетініне сенім артып отырудамыз.