2024 жылдың қыркүйек айының 20 -сы күні сағат 10.00-де «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясының оқытушыларының ұйымдастыруымен (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, оқытушы- зерттеуші А. Елубай, сеньер – лектор Н. Суранчиева) «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің жасампазы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында студенттер мемлекеттік тілге байланысты пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті. Дөңгелек үстел барысында қазақ тілі туралы баяндамалар жасап, презентациялар көрсетті. «Мемлекеттік тіл -мәңгілік елдің жасампазы» атты дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтілді.