
Бүгін сағат 10:00-де Азаматтық авиация академиясында оқу дабылы қағылды . Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер ғимараттан ұйымдасқан түрде шығып
, сапқа тұрды
. Одан кейін академияның Қауіпсіздік қызметінің басшысы төтенше жағдайлар кезіндегі, атап айтқанда жер сілкінісі кезіндегі ережелерін еске салды. Аталған жағдайларда ең бастысы — сабырлылық пен қырағылықты сақтау керектігін
атап өтті, сондай-ақ келесі жалпы қабылданған ережелерге назар аударған болатын:
- Жер сілкінісіне дейін (дайындық):
Эвакуация жоспарын жасаңыз: үйде
, көшеде
және жұмыста
қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап қойыңыз.
Жиһаз бен ауыр заттарды бекітіңіз: сілкініс кезінде олар құлап кетуі мүмкін.
Төтенше жағдайларға арналған сөмке жинаңыз: оған су
, тамақ
, дәрі-дәрмек
, фонарь
, құжаттар
және ақша
салыңыз.
- Жер сілкінісі кезінде:
Ғимарат ішінде:
Іште қалыңыз. Сыртқа жүгірмеңіз, бұл қауіпті болуы мүмкін.
Қауіпсіз орын табыңыз: үстелдің астында, есік жақтауларында, терезелерден
, айналардан және құлап кетуі мүмкін ауыр заттардан
алыс тұрыңыз.
Басыңыз бен мойыныңызды қорғаңыз: қолдарыңызбен немесе заттармен жабыныңыз.
Лифт пайдаланбаңыз.
Көшеде:
Ғимараттардан, ағаштардан
, бағандардан және электр сымдарынан
аулақ болыңыз.
Үстіңізге ештеңе құлап кетпейтін ашық жерді табыңыз.
Көлікте:
Көпірлерден, туннельдерден және ғимараттардан мүмкіндігінше алыс жерде тоқтаңыз.
Сілкініс тоқтағанша көлікте болыңыз.
-Жер сілкінісінен кейін:
Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды тексеріңіз, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіңіз.
Қауіпті аймақтардан аулақ болыңыз: қираған ғимараттарға
, электр сымдарына және басқа да қауіп-қатер көздеріне жақындамаңыз.
Ашық отты пайдаланбаңыз, себебі газдың ағуы мүмкін.
Байланыста болыңыз: радио
, теледидар
тыңдаңыз немесе телефондағы
хабарламаларды қадағалап, құтқару қызметтерінен
хабар күтіңіз.
Кейінгі сілкіністерге дайын болыңыз — жер сілкінісінен кейінгі толқындар қауіпті болуы мүмкін.