📢 Ұлы Абайдың ізімен: Азаматтық авиация академиясы Семей қаласында 🌍✈️

⚡️ Азаматтық авиация академиясы мен авиациялық колледждің ұжымы Абайдың туған жері – Семей қаласына сапарға аттанып бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты. Делегаттар Shakarim University-де «Абайдың “Толық адам” ілімі және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстелііне қатысты.

📌 Одан бөлек Академияның қызметкерлері Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті. Университеттің Стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мерей Шаменов қонақтарды қарсы алып, университеттің 90 жылдық тарихы жайлы баяндап өтті.

✔️ Дөңгелек үстелге академияның академиялық қызмет жөніндегі проректоры Қайрат Жакупов, ф.ғ.д., профессор Арап Еспенбетов, «Абай және ұлттық руханият» ҒЗО жетекшісі Ақмарал Смағұлова және ғылыми қызметкер Қарлығаш Әубәкірова қатысты. Ғалымдар Абайдың «Толық адам» ілімі, оның философиялық мәні және бұл ілімнің қазіргі ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі жайлы ой бөлісті. Абай Кунанбаевтың шығармашылығы мен мұрасы ұлттық құндылықтарды оқыту және рухани тәрбиелеу бағытында ерекше маңызға ие екендігі айтылды.

📢 Сапар барысында делегация М.Ауэзов атындағы колледжді, Жидебай жерін және Абай өмірбаянымен байланысты мұражайларды аралап өтті. Бұл сапар «Толық адам» концепциясын оқу процесіне енгізу жолындағы жаңа идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында Азаматтық авиация академиясы мен Шәкәрім университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы