«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Түркістан қаласында өткен «Қаз Дауысты Қазыбек бидің қазақ қоғамындағы орны мен рөлі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция

2022 жылдың мамыр айының  4, 5 -і күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының, «Қаз Дауысты Қазыбек би» қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен  Түркістан қаласында Ұлы даланың ұлы тұлғаласы Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Қаз Дауысты Қазыбек бидің қазақ қоғамындағы орны мен рөлі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Аталған конференцияға Азаматтық Авиация Академиясының атынан «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тулекова Гүлназ Қажымұратқызы қатысып, әрі баяндама жасап, ой бөлісіп қайтты. Конференция соңында сертификат берілді. Конференцияға республикамыздың тарих, филология, философия, шығыстану, дінтану, мәдениеттану салаларының ғалымдары қатысып, тақырып аясында әртүрлі баяндамалар жасады. «Қаз Дауысты Қазыбек бидің қазақ қоғамындағы орны мен рөлі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция жоғары дәрежеде өтілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы