Азаматтық авиация академиясында «Студенттер мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттестігі: өндірістік тәжірибенің негізгі аспектілері» тақырыбында кездесу өтті. «Air Astana» кадрлар бөлімінің маманы К.Бексултанова және бас инженер В.Гончаров авиациялық механиктерді дайындау бағдарламасын таныстырып, авиакомпаниядағы өндірістік тәжірибенің негізгі аспектілерімен бөлісті.
К.Бексултанова Air Astana компаниясының кандидаттарға қоятын талаптары мен авиация саласындағы жас мамандардың мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ол жұмыс берушілермен оқу барысында өзара әрекеттестіктің студенттердің кәсіби қызметке жақсырақ дайындалуына көмектесетінін атап өтті.
Бас инженер В.Гончаров техникалық мамандықтағы студенттер үшін өндірістік тәжірибенің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді. Ол ұшақтарды қызмет көрсету саласындағы соңғы технологиялар туралы айтып, студенттердің саладағы қазіргі үрдістер мен болашақ перспективаларға қатысты сұрақтарына жауап берді.
Кездесу болашақ авиациялық механиктерді дайындау жолындағы маңызды қадам болып, біздің студенттерімізге көптеген мүмкіндіктерді ашты.