Авиация колледжі студенттерінің ұйымдастыруымен «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым» атты кездесу өтті. Іс- шара барысында жауынгер ағаларымыздың құрметіне тақырыптық өлеңдер оқылып, естеліктер айтылды. Ауған соғысы ардагерлері өз кезегінде жастарға жүрекжарды тілектерін айтып, сұрақтарына жауап берді.