Азаматтық авиация академиясында құқықтық мәселелер талқыланды
«Заң және тәртіп» әңгімесін іске асыру аясында Авиациялық көлік прокуратурасы аға прокурор А.Б. Тайбекова, Алматы әуежайының ЖПБ қызметкерлері Е.Б. Самакулов пен Г.Б. Қалдыбекова және актер-продюсер Ерболат Алқожа қатысуымен 1 курс студенттері үшін профилактикалық әңгіме өткізілді.
Профилактика — бұл қайтымсыз салдардың алдын алатын маңызды қадам. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және нашақорлықпен күрес мәселелері басты назарда болды.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қауіпсіз, үйлесімді қоғамның негіздерін нығайтуға үлкен ықпал етеді.