Ағымдағы жылдың 9-13 желтоқсан аралығында Азаматтық авиация академиясында халықаралық сертификаттау аудиті өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 9-13 желтоқсан аралығында Азаматтық авиация академиясында халықаралық сертификаттау аудиті өткізілуде.

Тексеруді EUROCERT S.A. сертификаттау органы өкілі, «Бизнес Сертификаттау» ЖШС жүргізуде.

🎯 Аудиттің басты мақсаты – бірден екі маңызды халықаралық стандарттарға сәйкестікті растау:

✔️ ISO 9001:2015 – сапа менеджменті жүйелеріне қойылатын талаптар.

✔️ ISO 21001:2018 – білім беру ұйымдарына арналған менеджмент жүйелері.

🌟 Академия ISO 21001:2018 стандартына сәйкестігі бойынша аудит өткізген Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны болды!

Бұл стандарт білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға және білім беру ұйымдарын басқарудың тиімділігін көтеруге бағытталған.

Аудиттің өткізілуі Академияның халықаралық талаптарға сай болуға және білім беру саласындағы озық тәжірибелерді қолдануға деген ұмтылысын көрсетеді.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы