Шымкент әуежайының жаңа терминалының ашылуымен құттықтаймыз!
Шымкент әуежайының жаңа терминалының ашылуы – жолаушыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар, өңірдің және авиация саласының дамуына қосылған маңызды үлес. Жобаның басты инвесторы – SCAT әуе компаниясы. Компания жаңа заманауи терминал, перрон, әуе кемелерінің тұрақ орындары, жаңа рулеждік жолақ және аэропорт алаңның құрылысын сәтті жүзеге асырды.
"Біз өзімізге алған міндеттемелерді абыроймен орындап, Шымкент тұрғындары мен жолаушыларына жаңа әуежай арқылы жайлы сапар жасау мүмкіндігін сыйлап отырмыз. Жаңа терминал – әуежайды дамыту бойынша үлкен жоспарларымыздың бастамасы ғана," – деп атап өтті SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов.
Айта кету керек, жаңа терминал жүздеген жұмыс орнын, соның ішінде академия студенттері мен түлектеріне мүмкіндік береді. Бұл жастарға авиация саласында мансабын бастауға, практикалық тәжірибе жинауға және еліміздің көлік инфрақұрылымының дамуына үлес қосуға жол ашады.
Шымкент тұрғындары мен жолаушыларды маңызды оқиғамен құттықтаймыз! Және де Қазақстан авиациясының болашағына зор үлесін қосқан SCAT әуе компаниясына алғыс білдіреміз!