Азаматтық авиация академиясы ISO сертификаттауынан өтті

Азаматтық авиация академиясы халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын ISO 9001:2015 және ISO 21001:2018 сертификаттарын алды. Сертификаттау аудиті Eurocert халықаралық органымен жүргізілді.

🔗Анықтама үшін:

ISO 9001:2015 — бұл бүкіл әлем бойынша мойындалған сапа менеджменті стандарты. Ол тұтынушылардың талаптарын орындау және ұйымның процестерін үнемі жетілдіру арқылы олардың қанағаттанушылығын арттыруға бағытталған.

ISO 21001:2018 — бұл білім беру ұйымдарына арналған менеджмент жүйелеріне қойылатын талаптарды анықтайтын халықаралық стандарт. Ол оқу орындарына білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту және білім алушылардың үміттерін қанағаттандыру үшін процестерді басқаруға бірыңғай құрал ұсынады.

Айта кетейік, Академия ISO 21001:2018 халықаралық стандартын растаған Қазақстан Республикасындағы алғашқы жоғары оқу орны болды.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы