Жұмыс мамандықтарының беделін арттыру бастамасы аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Байтелесұлы Жүсіп Азаматтық авиация академиясына келді.
Сапар барысында сенатор академия ректоры Бекен Сейдахметовпен кездесіп, қазақстандық авиаторларды даярлау жағдайымен танысты. Негізгі назар кәсіби білім беруді мемлекеттік басымдықтарға сәйкес дамыту мәселелеріне аударылды.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы ретінде Нұртөре Жүсіп стратегиялық салаларға кадрлар даярлауға инвестиция салу қажеттігін атап өтті.