ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ: АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ (СИНГАПУР)

Азаматтық авиация академиясының делегациясы Сингапурдың жетекші оқу орындарының бірі Temasek политехникалық институтымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Айта кетейік, қол қою рәсіміне Қазақстанның Сингапур Республикасындағы Өкілетті Елшісі Асқар Құттықадам қатысты. Бұл қадам халықаралық серіктестік және академиялық ұтқырлық дамуының маңызды кезеңі болды

Бұған дейін Temasek делегациясы Азаматтық авиация академиясына жұмыс сапарымен келген болатын. Делегация құрамына проректор және бас директордың орынбасары Mr AW Tuan Kee, Инженерлік мектептің директор орынбасары Ms KOH Poh Tee, Temasek Skills Future Academy қауіпсіздік индустриясы институтының басшысы Mr Faizal Zainal және халықаралық байланыстар жөніндегі көмекші директор Ms Katherina TAN кірді. Сапар тараптардың ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын көрсетті. Бүгін бұл бастама меморандумға қол қою арқылы ресми түрде бекітілді.

Бұл студенттер алмасу, оқытушылардың біліктілігін арттыру және ғылыми зерттеулер саласындағы бірлескен жұмысты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Енді Азаматтық авиация академиясының студенттері арнайы іріктеуден өткен соң, Оңтүстік-Шығыс Азияның жетекші оқу орындарының бірінде бір семестр оқи алады, ал оқытушылар ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Politechnic Temasek туралы анықтама:

Temasek Polytechnic 1990 жылы Сингапурда құрылған. Институт техникалық білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады және мамандарды тәжірибелік тұрғыдан даярлауға бағытталған бағдарламаларды ұсынады. Қазіргі уақытта Temasek Polytechnic-те 16 000-нан астам студент білім алуда.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы