
2025 жылдың ақпан айының 6-сы күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясын насихаттау мақсатында «Нұрлы ақыл» тобының ұйымдастыруымен («Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасы, «Нұрлы ақыл» тобы – Г. Тулекова, А. Елубай, Н. Суранчиева, Ж. Ахметова,) «Ұлы Абай әлемі» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайыс барысында студенттер «Ыстық қайрат», «Нұрлы ақыл», «Жылы жүрек», «Білімді ұрпақ» болып 4 топқа бөлінді. Олар Абайдың өмірі мен шығармашылығы, қара сөздері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өзара сайысқа түсті. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»,- деп халық даналығында айтылғандай, барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген топ жүлделі орындарға ие болды. Абайдың «Толық адам» концепциясын насихаттау мақсатында өткен «Ұлы Абай әлемі» атты интеллектуалдық сайыс қызықты, әрі жоғары дәрежеде өтті.