
2025 жылдың ақпан айының 13 -і күні педагогикалық шеберлік аясында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясының оқытушыларының (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, зерттеуші–оқытушы А. Елубай, сеньер–лектор Н. Суранчиева) ұйымдастыруымен «Қазақ тілі сабақтарында студенттердің рухани-танымдық интеллектісін, тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялар» атты оқу- әдістемелік семинар өткізілді. Аталған семинарға «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бастығы А.А. Молдыбаева, аталған бөлімнің бас әдіскері А.О. Найманова, «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі, Phd докторы Р. Анаятова, ф.ғ.к, ААА профессоры З. Баданбекқызы, сеньор-лектор Ж.Б. Ахметова, сеньор-лектор М. Қондыбай, сеньор-лектор З. Александрқызы, «Тасымал қызметін ұйымдастыру және көліктегі логистика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, ААА профессоры И. Асильбекова, т.ғ.к, ААА профессоры Г. Мұратбекова, сеньор-лектор Д. Мамбеталин, «Әуе кемелерін ұшуда пайдалану» кафедрасының «Білім беру бағдарламалар» тобының жетекшісі Р.Ж. Тулеушова қатысты. Семинар барысында АА Академиясының профессоры, ф.ғ.к. Г. Тулекова қазақ тілі сабақтарында студенттердің рухани-танымдық интеллектісін, тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдерін Абайдың «Толық адам» концепциясымен байланыстыра айтып, сол әдістер бойынша оқытушылармен сабақ өткізді. Семинарда студенттердің рухани, танымдық интеллектісін дамытудың маңыздылығы, Ұлы Абайдың «Толық адам» концепциясындағы рухани кемелдену негіздері кеңінен талқыланды. Семинар соңында берілген тақырып аясында шағын видео көрсетіліп, «Ұлы Абай әлемі» атты интеллектуалдық сайыс ойыны ойнатылды, семинарға қатысқан оқытушыларға сертификат табысталды. «Қазақ тілі сабақтарында студенттердің рухани-танымдық интеллектісін, тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялар» атты оқу-әдістемелік семинар жоғары дәрежеде өтілді.