
2025 жылдың наурыз айының 17-сі күні «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к Г. Тулекова Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша ЛЭ-23-1 тобында «Кәсіби қазақ тілі сабақтарында студенттердің тілдік дағдыларын дамыту мен авиациялық терминологияны оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты тақырыпта мастер-класс өткізді. Сабақ барысында авиациялық термидермен жұмыс түрлері көрсетіліп, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары тиімді қолданылды. Атап айтқанда, топтастыру стратегиясы, венн диаграммасы, еркін жазу немесе өзім үшін жазу стратегиясы, автор орындығында орындау, еркін микрофон, кубизм стратегиясы. Мастер-класс барысында студенттер белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Аталған мастер-класс жоғары дәрежеде өтілді.