«Университеттегі ғылым мен білім беру үдерістерінің интеграциясы» тақырыбында World Café форматында әдістемелік ғылыми онлайн вебинар тренингі

2025 жылдың 8 сәуірінде Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Ғылым күніне орай және ішкі ғылыми жоба негізінде Азаматтық авиация академиясының профессоры Зәуре Баданбекқызы «Университеттегі ғылым мен білім беру үдерістерінің интеграциясы» тақырыбында World Café форматында әдістемелік ғылыми онлайн вебинар тренингін өткізді. Вебинар тренингіне аталған университеттің студенттері мен оқытушылары қатысты. Вебинар тренингін «Заманауи тілдер және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Карбозова Гүлнара К. ұйымдастырды. Вебинарға қатысушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, іс-шараның соңына дейін белсенді түрде талқылады. Вебинардан кейін қатысушылар тақырыптың өзекті мәселелерге қатыстылығын атап өтіп, профессор Зәуре Баданбекқызына алғыстарын білдірді.

Азаматтық авиация академиясының  әдестемелік қамтамасыз ету бөлімі
 

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы