
«Сәлем, Эйрбарс!» акциясы Алматы халықаралық әуежайында жалғасын тапты! Біз Scat авиакомпаниясының Алматы–Шымкент бағыты бойынша рейсін таңдаған едік.
Жеңімпазды әділ анықтау үшін орынды ұщақтағы жолаушылар арасынан рандомайзер арқылы талғадық. Алғашында 19С орны түскен еді, бірақ бұл ұшақта ондай орын болмаған соң, қайта таңдау жүргізіліп, 35С орны анықталды.
Бүгінгі сыйлық ерекше болды. Бұл — біздің эксклюзивті коллекциямыздағы жалғыз данада жасалған кішкентай қыз барыстың ойыншығы, ол – механик! Әдемі сәйкестік – бұл шағын сыйлық жуырда өткен ИКАО семинарында қозғалған гендерлік теңдік тақырыбына тамаша үн қатты.
«Эйрбарс» жыл бойы Қазақстанның 12 әуежайында жолаушылармен және авиация мамандарымен кездесіп, авиация әлемінен қызықты деректермен бөлісуді жалғастырады.
Жаңалықтарымызды бақылаңыз – келесі жолы дәл сізге сыйлықтар бұйыруы мүмкін!
Біздің серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз:
@almatyinternationalairport
@scat.airlines