✈ Азаматтық авиация академиясы «Study in Kazakhstan» білім көрмесіне қатысуда!

📅 3-12 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Study in Kazakhstan» атты кең ауқымды білім көрмесін ұйымдастырады.

📍 3-4 сәуірде Ақтөбе қаласында өтеді. Кездесу орны – Студенттер сарайы (А. Молдағұлова даңғылы, 34).

👨‍🎓 Азаматтық авиация академиясы үміткерлер мен олардың ата-аналарын оқу бағдарламаларымен танысуға, оқуға түсу мүмкіндіктері, гранттар және авиация саласындағы мансаптық перспективалар туралы білуге шақырады.

Біздің өкілдер ұшқыштарды, инженерлерді, авиациялық диспетчерлерді және ұшқышсыз жүйелер мамандарын даярлау, сондай-ақ халықаралық мүмкіндіктер мен тағылымдамалар туралы айтып береді.

🚀 Авиация болашағы осында басталады! Академияның стендіне келіңіздер!

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы