
Уақыт зулап өтсе де, жүрекке жақын жерлерге қайта оралудың орны бөлек. Бүгін Академия қабырғасында 12 жыл бұрын қанат қаққан түлектер қайта бас қосты. Олар – тәжірибелі ұшқыштар, әуе кемелерінің командирлері. Бірақ осында оралғанда, дәл сол студенттік жылдарға қайта барғандай күй кешті.
Кездесу барысында түлектер болашақ ұшқыштарға ақыл-кеңестерін беріп, авиациядағы өз жолдары туралы айтып, қанаттары қатайып келе жатқан курсанттарға шабыт сыйлады.
"Осы қабырғаларда білім алдық. Бүгін курсанттармен кездесіп, оларға сәттілік тіледік. Ең бастысы – өз мақсаттарына жетіп, аспанда аман-есен самғауларына тілектеспіз!" – дейді SCAT әуе компаниясының әуе кемесі командирі, түлек Ілияс Қабдрасилов.