
Астана қаласында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұйымдастыруымен авиациялық оқу орталықтарын сертификаттау және түзету іс-шаралары жоспарларын әзірлеу мәселелеріне арналған семинар өтті.
Азаматтық авиация академиясын бұл іс-шарада менеджер Саламатова Мария мен комплайнс-мониторинг менеджері Аманжолова Дана таныстырды.
Қатысушылар №115, №158 және №764 нормативтік-құқықтық бұйрықтарға енгізілген соңғы өзгерістермен танысып, авиациялық оқу орталықтарының қызметіне қойылатын жаңа талаптар мен сертификаттау тәртібіне қатысты практикалық ұсынымдар алды.
Семинарға Қазақстанның 20-дан астам авиациялық оқу орталықтарының өкілдері, сондай-ақ IATA және шетелдік «TRITECH» АУО сарапшылары қатысты.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.