
Конференцияға Қазақстаннан, Әзербайжаннан, Қытайдан, Түркиядан, Ресейден, Қырғызстаннан, Германиядан және Өзбекстаннан келген студенттер, жас ғалымдар, оқытушылар мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Конференция бағдарламасында азаматтық авиацияның өзекті мәселелері, жасанды интеллектті енгізу, цифрландыру, ұшу қауіпсіздігі және инновациялық технологиялар бойынша пленарлық баяндамалар жоспарланған.
Болашақ мамандардың құзыреттіліктерін дамыту мен авиация саласына кадр даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Алда қатысушыларды секциялық жұмыстар, тәжірибе алмасу және ғылым мен авиацияның даму перспективаларын талқылау күтіп тұр.