Азаматтық авиация академиясында "Халық үніне құлақ асу" семинары өтті

2022 жылғы 2 маусымда Азаматтық авиация академиясында конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған "Халық үніне құлақ асу" семинары өтті.
Семинар спикерлері ретінде Парламент Сенатының бұрынғы депутаты, саяси ғылымдарының докторы Бижанов Ақан Құсайынұлы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Химиялық инженерия институты директорының орынбасары, ғылым докторы (PhD) Р. Е. Нұрлыбаев сөз сөйледі., Академия Ректоры Б.К. Сейдахметов. Іс-шараға Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, барлығы 300-ден астам қатысушы қатысты.
Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін, еркін микрофон форматында сұрақ-жауап сессиясы өтті, оның барысында студенттер Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша, республиканың саяси дамуының осы кезеңі туралы белсенді сұрақтар қойды. Студенттердің сұрақтарына сөз сөйлеушілер тарихтан мысалдар келтіре отырып, толық жауаптар берді және құқықтық, саяси дәлелдер келтірді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы