Құтқарушыларды дайындау: ААА мен ТЖД ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Азаматтық авиация академиясы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мақсаты қандай?

🔹 тәжірибе және практикалық біліммен алмасу,

🔹 студенттер мен оқытушыларды азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерді оқытуға тарту,

🔹 ТЖД нысандарында практикалық сабақтар өткізу,

🔹 алғашқы медициналық көмек көрсету, құтқару және өрт сөндіру машықтарын игеру.

📘 Қазіргі таңда Академияда «Құтқару жұмыстары» мамандығы бойынша студенттер әскери кафедрада білім алуда. Енді олар алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алып, оқу соңында ресми сертификат берілетін курстардан өтеді.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы