🚀 Алматыда бірінші Халықаралық Авиация Форумы өтті

Бұл жай ғана форум емес — бұл шағын авиация жүйесін жаңғыртуға жасалған нақты қадам. 12 сәуір күні бір алаңда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Перу елдерінің өкілдері бас қосып, саланың болашағын талқылады.

Спикерлер қатарында – өзіміздің мамандар да бар!

👉 Маргарита Никитина – ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлау туралы айтты.

👉 Рахматулла Сүлеймен – Академияның жаңа бағыттарымен бөлісті.

Талқыланған негізгі тақырыптар:

— кадрлар мен технологиялар,

— FPV және ұшқышсыз жүйелердің экожүйесі,

— Ан-2 ұшағын реттеу,

— экологиялық шешімдер,

— және, әрине, көкте де, жерде де көшбасшылық.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы