
2025 жылғы 16-18 сәуір аралығында Азаматтық авиация академиясында ҚР ҒжЖБ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы сарапшыларының басшылығымен: п.ғ.к., қауымд.проф. Скиба М.А., Садыбекова С.М., Сыздыкова М.Г. Академия және Академия жанындағы Авиациялық колледж қызметкерлеріне арналған жаңа мамандықтар Атласын әзірлеу кезеңі - Skills Technology Foresight әдіснамасы бойынша оқыту семинары өтті.
Іс - шараның басты мақсаты – болашақ мамандықтар картасын құру және білім беру бағдарламаларын жаңа нарықтық талаптарға бейімдеу.
Тақырыпты тереңірек зерделеу үшін қатысушылар келесі рөлдерге бөлінді:
Жоба көшбасшысы
Координатор
Модераторлар
Сарапшы-талдаушылар
Форсайт – семинар барысында қатысушылар топтық жұмыстың, сандық ізденудің, деректерді визуализациялаудың және жүйелік талдаудың заманауи құралдарын игерді.