🎓 АВИАЦИЯ САЛАСЫНДА ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРСІҢ БЕ?

Онда бұл жаңалық дәл саған арналған! Азаматтық авиация академиясында дәстүрлі «Бос орындар жәрмеңкесі» өтеді!

📅 25 сәуір күні, сағат 10:00-де

📍 Алматы қаласы, Ахметов көшесі, 44

✈ Шараға 50-ден астам жетекші авиациялық компаниялар қатысады — авиакомпаниялар, әуежайлар, KazAeroNavigatsia және басқа да беделді мекемелер.

🔎 Неге келуің керек?

▫ Компаниялардың арнайы стендтері

▫ Тікелей жұмыс берушілермен танысу мүмкіндігі

▫ Резюме тапсырып, анкета толтыра аласың

▫ Жедел сұхбаттасу – сол жерде

▫ Тәжірибе мен тағылымдамаға жазылу

▫ HR мамандарынан кеңес алу

▫ Сувенирлер мен ақпараттық материалдар

🎤 Сонымен қатар, пайдалы шеберлік сағаттары өтеді:

🔹Дұрыс түйіндеме жазу жолдары

🔹 Сұхбаттасудан қалай өту керек

🔹 Әуе саласында мансапты қалай бастау керек

🔹 Өз мүмкіндігіңді дұрыс пайдалану және нетворкинг

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы