
2025 жылдың мамыр айының 22-сі күні Азаматтық Авиация Академиясының Ғылыми қызметтер жөніндегі проректоры, т.ғ.д, профессор К. Кошеков пен «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі м.а. ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова Астана қаласындағы Астана Халықаралық университетінде өткен «Ғылымдағы тіл стратегиясы: мәселелер мен шешу жолдары» атты республикалық семинар-кеңеске қатысып қайтты. Семинар -кеңес барысында қазіргі таңдағы ғылыми мақалалардың, диссертациялық жұмыстардың, ғылыми және ғылыми -техникалық жобалардың және құжат айналымының мемлекеттік тілде жазылуын қамтамасыз етуде әкімшілік ұйымдастырушылық процесті жетілдіру мәселелері талқыланып, аталған тақырып аясында баяндамалар жасалды. Іс-шара соңында ғылымдағы мемлекеттік тілдің қолдану деңгейін барынша арттыруға байланысты нақты шешімдер қабылданып, қаулы бекітілді.