АКАДЕМИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

2025 жылдың 20 маусымында Азаматтық авиация академиясында Әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі (ӘҚБ) «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырып өткізді. Бұл семинар НҚА-дегі өзгерістерге және 2025 жылға қабылдауда жаңа 3 жылдық БББ ашылуына байланысты қажет болды.

ӘҚБ бас әдіскері А.О. Найманова семинар барысында ПОӘК әзірлеудің өзекті мәселелерін таныстырды:

1. ПОӘК және оның құрылымдық элементтерін қалай дұрыс әзірлеу керек (Практикалық, зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар, БӨЖ/БОӨЖ);

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері қандай;

3. Оқыту нәтижесі мен құзыреттіліктер арасындағы байланыс;

4. Пәнді ойдағыдай меңгерудегі преревизиттер мен постреквизиттердің рөлі және т.б.

ӘҚБ бастығы А.А.Молдыбаева тыңдаушыларды moodle.agakaz.kz білім беру порталында орналастырылған курстар туралы ақпараттандырып, ағымдағы оқу жылында ЖАОК әзірлеген АТҰжЛ кафедрасының ПОҚ-ын (Г.В.Мұратбекова, А.Ж.Абжапбарова, О.В.Гармаш) жеке атап өтті.

Семинар-тренингке кафедра меңгерушілері, БББ басшылары, ПОҚ мен оқыту процесіне инновациялық әдістерді енгізу және жетілдіру бойынша секция мүшелері қатысты.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы